Орталық жаңалықтары

Құрметті оқушылар! Сіздерді жас туристердің республикалық "Туризм энциклопедиясы" байқауына қатысуға шақырамыз!

 

«Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауын қашықтан өткізу ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауын (бұдан әрі – Байқау) қашықтан өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Байқаудың міндеттері:

1) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;

2) балалардың белсенді іс-әрекетін табиғатты саналы түсінуге және балалардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын дамытуға бағыттау;

3) балалардың шығармашылық және көркем қиялын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау.

3. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді.

4. Байқауды ұйымдастырушылар қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.



Каспий теңізінің өзекті экологиялық проблемаларын көтеруге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында, 2024 жылдың 15 мамыр күні ...

Өтетін уақыты:  2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді.  Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің»  базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...

Ағымдағы жылдың  23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...

Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...

Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...